Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық қарусыз әлем құру бастамасы жайлы ой өрбітті
Жаһан жұрты еліміздің бейбітшілікке үндейтін бастамасы жайлы жақсы біледі. Осы орайда ядролық қарусыз әлем құру жолында бірнеше ұсыныс ортаға салынды.
Алмас Арзықұлов, ҚСЗИ Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімі басшысының орынбасары:
– Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі таңдағы геосаяси және геоэкономикалық өзгерістерге алаңдаушылық білдіріп, осы мәселені шешу жолында 2030 жылға дейінгі күн тәртібіндегі мәселелерді шешу қиындық тудыратынын атап өтті. Оның ішінде алпауыт елдер мен аймақтық елдер арасындағы өзара сенімсіздік, әлемнің ірі мемлекеттері арасындағы текетірестер мәселесін мәлімдеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазіргі таңдағы әлеуметтік теңсіздіктің де назардан тыс қалдырмады. Әсіресе солтүстік пен оңтүстік арасындағы алшақтық, экономиканың бұзылуы сынды мәселелерге тоқталып өтті. Ядролық қаруды қолдануды шектеп қана қоймай, одан біржола бас тартып, бейбіт өмірге көшуді баса айтты.
БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының жалпы адамзат үшін маңызы зор.
Алмас Арзықұлов, ҚСЗИ Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімі басшысының орынбасары:
- БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының тақырыбында кедейшілікті жою, сапалы білім және жалпы климаттық іс-шараларды жеделдету мәселелері қамтылды. Әлемдегі теңсіздікті жою мәселесі де өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы Мемлекет басшысы айтып өткендей, адам құқықтары мен бостандықтарын барлық деңгейде бақылауға алып, орындалуына күш салатын бірден-бір халықаралық ұйым болып табылады.