Қазақстан Оманмен арадағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Бүгінде екі ел арасындағы сауда-саттық төмен. Бұған логистиканың жоғы себеп болып отыр. Қазір біз Каспийден Иранға дейін теміржол салдық. Енді тауарды тез жеткізу мүмкіндігі бар. «Сондықтан арадағы алыс-беріс пен барыс-келісті жандандыру керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Біз екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға мүдделіміз. Логистиканың жоқтығынан бізде сауда көлемі төмен. Қазір біз Каспийден Иранға апаратын теміржол салдық. Енді тауарларды тасымалдауға мүмкіндік бар. Біз мемлекеттеріміз арасындағы сауданы дамытуымыз керек.