Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Ресей арасында күрделі проблемалар жоқ
Мәртебелі мейманды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты тереңдету жайын талқылап, аймақта және әлемде болып жатқан жағдайларға қатысты пікір алысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен өткен аптада да Сочидегі «Валдай» форумы аясында жүздескен болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сізді елордада көргеніме қуаныштымын. Жақында «Валдай» форумы аясында өткен Сочидегі президенттердің екіжақты кездесуінде жүздескен болатынбыз. Форум өте жоғары деңгейде өтті. Ал сіздің бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласына сапарыңыз екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін береді. Біздің мемлекеттер арасында көптеген сұрақ талқыланып, шешімін тауып жатқанын білеміз. Бірақ екі ел арасында күрделі проблемалар жоқ. Бұл – өзара байланысты дамытып келе жатқан Қазақстан мен Ресей сынды стратегиялық серіктестерге тән құбылыс.
Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:
- Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапарым аясында мені қабылдағаныңыз үшін алғыс білдіремін! Біз бүгін өзара байланысқа жан-жақты шолу жасадық. Екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық аренадағы байланыс мәселелерін мығымдадық. Мемлекет басшылары деңгейінде жасалған келісімдерге негізделе отырып, біздің серіктестік қарқынды дамып келеді деген сенімдеміз. Сондықтан қос елдің қарым-қатынасы барлық бағытты айқындап, жоғары деңгейде байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Біз сыртқы саясаттың нақты мәселелерін талқыладық. Қос мемлекет арасындағы ынтымақтастықтықты күшейтеміз.