Еліміздің батыс өңірінде жол апаты салдарынан қаза тапқандар саны артып барады
Бұл ретте тапсырманың келуін күтпей, күн сайын басын қатерге тігіп, ажалға араша тұрушы құтқарушылар бар. Алексей Швейкин – солардың бірі.
Бұл оқиға аймақ медицинасы үшін тарихта қалды. Дәрігерлер биіктіктен темір шарбаққа құлаған ер адамға күрделі операция жасап, өміріне араша түсті. Құтқарушылар шұғыл әрекет етпегенде науқастың тірі қалуы екіталай еді.
Алексей Сошкин, шұғыл құтқару жасағының аға құтқарушысы:
- Ер адам үш қабатты үй шатырын жөндеп жатқан. Кенет өзін байлаған арқан үзіліп кетіп, шарбақ үстіне құлайды. Үшкір темірлер денесінің бірнеше жерінен тесіп өткен. Алексей екеуміз сол жерге шұғыл бардық. Жылдам қимылдап, науқасқа көмек көрсеттік.
Қызметте жұбы жазылмай жүретін құтқарушылар – өмірде бір-біріне сенетін достар. Бұл жігіттер бірлесе осы күнге дейін жүздеген адамның өмірін құтқарып қалыпты.
Алексей Швейкин, құтқару бөлімшесінің жетекшісі:
- Қауіптен құтқарылған адамдардың нақты санын айту қиын. Бір білетінім, олардың қатары аз емес. Қызметіміз жауапты әрі өмірге қатерлі. Десек те біз шақырту түскен жерге шұғыл аттануға дайынбыз.
Нұрмұқан Жұмағалиев, шұғыл құтқару жасағының құтқарушысы:
- 15 жыл бірге жасап келе жатырмыз. Ақтөбе трассасында қардың көп түсуінің себебінен заторлар болды. Көп машина сол жерде тұрып қалып, шыға алмай жатқан себептен бізді сол жедел камазбен жіберді. Тек қана бір оқиға емес, көлік апаттарында да жұмыс жасап жүрдік.
102 байланыс номері арқылы құтқарушыларға тәулік бойы шақыртулар келіп түседі. Көп жағдайда олар жұмысын өзіне төнген қатерге қарамай атқарады. Айтуларынша, ойланып тұруға уақыт жоқ. Өйткені әр минуттың құны тым қымбат.
Алексей Швейкин, құтқару бөлімшесінің жетекшісі:
- Ақпан айында түн ортасында шақырту алдық. Жер үйге жеткен бойда ауладағы дәретханаға түсіп кеткен сәбиді көрдік. Тез қимылдап, жаңа туған баланы құтқарып қалдық. Кейін сұрау салып, жағдайының жақсы екенін естіп қуандық.
Бүгінде ол шақалақ отау иесінің жасы 13-ке толған. Ал оның өмірін сақтап қалған құтқарушылар жас буынға үлгі.
Авторлары: Талғат Исламұлы, Руслан Ғазизов, Қанат Махмұтов