Хабар телеарнасы

ҚР Премьер-Министрі Павлодардағы өндіріс және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

Қазір аймақта отандық экономиканың дамуына сеп болатын ірі өнеркәсіп ошақтары шоғырланған. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жұмысы да жақсы. Премьер-Министр өндірісті өлкенің өнеркәсіп саласында жүзеге асып жатқан жұмыстармен танысты. Нақтырақ айтқанда, Асқар Мамин полимер өнімдерін шығаратын еліміздегі жалғыз кәсіпорынның мамандарымен кездесті. Зауытта полипропиленді қайта өңдеудің жаңа желісі іске қосылды. Сапар барысында Үкімет басшысына техникалық кремний зауытының құрылыс барысы туралы баяндалды.

Тельман Әлғожин, облыстық Онкологиялық диспансер директорының орынбасары:

- Жаңа диспансер емдеу-диагностикалық қызметтің сапасын арттыруға сеп болмақ. Әлеуметтік нысан желілік үдеткіш құралымен жабдықталмақ. Жабдық сырқаттардың 70% емдеуде қолданылады. Бұл - обырға шақталғандарды емдеудің алтын стандарты.

Владимир Фенев, Ақсу электр станциясының директоры:

- Бұрынғы энергия блогы әбден тозды. Модернизацияланған нысанның жылдық ресурсы 200 мың сағатқа шақталған. Қуаттылығы бұрынғыдан 25 МВ-қа артық, ал тиімділігі 10% жоғары болмақ. Экологиялық тиімділігі де мол. Қоршаған ортаға тасталатын қатты бөлшектердің көлемі 400 мың тоннаға азаяды.