Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА жұмысын халықаралық бағытта күшейтуді тапсырды
Кездесу кезінде Ассамблеяның тыныс-тіршілігі сөз болды. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мақсат-міндеттерді орындау және кеңінен насихаттау жайы талқыланды. Жансейіт Түймебаев Ассамблея атқарып жатқан жұмыстарға нақты тоқталып, іс-шаралардың маңыздылығын тілге тиек етті. Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық бағыттағы жұмыстарды нығайту қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Ассамблея алдындағы міндеттер айқын. XXVII сессияда қабылданған шешімдер бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары жарияланды. Енді өңірлік этномәдени бірлестіктерді тарта отырып, жергілікті жерлерде жұмысты ілгерілету және түсіндіру маңызды. Барлық облыста тиісті жұмысты жолға қою қажет.
Жансейіт Түймебаев, ҚХА Төрағасының орынбасары:
- Сіздің тапсырмаларыңызды орындау үшін Ассамблея жұмысын жандандыру бойынша бірқатар шара қабылданды. Негізгі басымдықты өңірлерге бердік. Соңғы 2 айдың ішінде 2 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 4,5 млн-нан астам адам қатысты.