2020 жылдан бастап «5-20-25» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Ол «5-20-25» деп аталады. Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасын мақұлдады. Ол 5 міндеттен тұрады. Бірінші міндет тұрғын үйге қолжетімділік сатысы енгізіледі. Айқындаушы фактор халықтың табысы болмақ.
Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- Ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға (92 мың теңге) «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйлерін алу мүмкіндігі беріледі. Табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен асатын азаматтарға «7-20-25» бағдарламасы ұсынылады. Табысы бестен, яғни ең төмен күнкөріс деңгейінен асатын адамдар (148,5 мың теңге) бастапқы және кейінгі нарықтан тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы нарық өнімдерін пайдалана алады.
Отбасы мүшесі үшін бір күнкөріс минимумы, 29 мың 700 теңге табысы бар кезектегі адамдарға жетім балалар, І және ІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер мен басқалар үшін сатып алуға болмайтын жалдамалы баспана беріледі. «Бақытты отбасы» бағдарламасы кезекте тұрғандарға тиесілі болып қала береді. Ал «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктің кредиттік баспанасына үміткер ретінде әскерилер, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекеме мамандары қатыса алады.
Мархабат Жайымбетов, ҚР ИИДМ құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасы:
- 526 мың адам кезекте тұр. Көп азамат жеке өзіне пәтер алғысы келеді. Олай болса, ТҮҚЖБ-ға ақша жинаңыз. Табысыңыз жоқ болса, күнкөріс деңгейі деген ұғым бар. Адам басына шаққанда 29 700 теңгеден аспайтын болса, онда сіздің аренделық үй алуыңызға мүмкіншілігіңіз бар.