Хабар телеарнасы

Бірқатар БАҚ өкілі Елбасының Алғыс хатымен марапатталды

Еңбегі еленгендердің арасында «Хабар» Агенттігінің тілшісі Дархан Әбдуахит те бар. Айта кетейік, Алғыс хатта марапат алғандардың отандық журналистиканың дамуына зор үлес қосып, егемендігімізді тұғырлы ету жолында аянбай еңбек еткені жазылған.

Махмұд Қасымбек, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы:

- Сіздерді төл мерекеміз тәуелсіздігіміздің 28 жылдығымен құттықтаймын. Осындай үлкен мерекенің алдында сіздермен кездесіп отырғанымыздың үлкен символдық мәні бар деп ойлаймын. Себебі тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге, оны нығайта түсуге сіздер өздеріңіздің өткір сөздеріңіз бен ұшқыр қаламдарыңызбенен үлкен көмек жасап жүрсіздер. Елбасымыз сіздерге өзінің ризашылығын білдіріп отыр.