2020 жылдан бастап МӘМС іске қосылады
Жиі пайдаланатын, жоғары сұранысқа ие медициналық қызметтер енді қолжетімді. Тек ол үшін ай сайын төлем жасалып тұруы керек. 2020 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 1,5 есе артады. Сондай-ақ Елжан Біртанов 1 сәуірге дейін еліміздегі барлық азамат сақтандырылатынын және осы пакетке кіретін медициналық қызметтерді еш кедергісіз пайдаланатынын айтты.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Өздеріңізге мәлім, осы реформа басталардың алдында біз Қарағанды облысына арнайы пилоттық жоба енгіздік. Қыркүйек айынан бастап енгізілді.