Ұстаздар республикалық форумда бас қосты
Осы ұранды ту еткен қазақстандық ұстаздар Бурабай баурайында бас қосты. Щучинск қаласында өткен «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізінде тәрбиелеу және оқыту жүйесінің қызметін атқару» атты республикалық форумға еліміздің түкпір-түкпірінен білім ошақтарының мұғалімдері мен басшылары, сондай-ақ білім басқармалары жанындағы әдістемелік орталықтардың мамандары жиналды. Мақсат – саладағы мәселелерді талқылап, жетістіктерді жариялау. Мәселен, оқушының адами құндылықтарын арттыруға сеп болатын «Өзін-өзі тану» пәніне қазір көп мектеп тиісті деңгейде көңіл бөлмей келеді. Ал ол пәннен сабақ беретін ұстаздар біліктілігі мен білімі бойынша сәйкес келмейді. Бұл тұста «Бөбек» қорының мамандары бірқатар ұсынысты ортаға салды.
Райхан Мұратханова, Адамның үйлесімді дамуы институтының жетекші ғылыми қызметкері:
- Мысалы жергілікті жердегі мектептерде, балабақшаларда біздің курстан өткен ғана мұғалімдер жұмыс істеп жатыр. Бірақ аттестация кезінде олар дипломы жоқ болғандықтан, өте алмайды. ЖОО-да мұғалім мамандығы бойынша әзірлеген кезде олар біздің бағдарламамен үндесе отырып дайындау керек.