Қазақстан мен Ресейдің полиция қызметкерлері күш біріктірмек
Осы себепті Ресеймен шекаралас аймақтағы полицейлер күшейтілген ережемен жұмыс істеуге көшті. Қолды болған кейбір көліктер қазір екі елдің де аумағынан табылуда. Тек ШҚО-дан биыл 195 көлік анықталған. Барлығы да Ресей елінің азаматтарына рәсімделіпті. Сондықтан екі елдің полицейлері ұрлық пен есірткі саудасына бірелесіп тосқауыл қою мәселесін талқылады. Әрі жедел әрекет етудің жолдарын пысықтады.
Талғат Шаяхметов, Полиция департаменті бастығының орынбасары:
- Екіжақты кездесу кезінде қазір күн тәртібінде тұрған бірқатар мәселені пысықтадық. Әсіресе көлік ұрлығы мен есірткі тасымалымен күресу бойынша келісімге келдік. Бұл – екі елдің шекаралық облыстары үшін өте маңызды мәселе.