Сирияның солтүстік-батысында әуе соққысынан 17 адам мерт болды
Тағы ондаған адам жараланды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылды Сирия үкіметінің әскері ұйымдастырған. Бұл аймақтарды бірнеше жылдан бері бүлікшілер өз бақылауында ұстап келген. Жергілікті билік: «Мерт болғандар мен жарақат алғандардың саны әлі де өсуі мүмкін», – деп отыр.