Францияда 350 мың адам зейнетақы реформасына қатысты ереуілге шықты
Бұл жолы Париж көшелеріне 350 мыңға жуық тұрғын шыққан.
Премьер-Министрдің жақында ғана жасаған мәлімдемесі Франция тұрғындарының көңілінен шықпай отыр. Мысалы, құтқару қызметінің мамандары бірнеше аптадан бері ереуілдетіп жатыр. Бірақ Үкімет басшысы реформадан кейін өрт сөндірушілердің мерзімінен бұрын зейнетке шығуына мүмкіндік бермеген. Бүгінде наразылық шараларына көлік саласының қызметкерлері де қосылды. Сондай-ақ елдегі әрбір 4-інші мұғалім толқуларға байланысты жұмысқа шықпаған. Франция тұрғындары биліктен нақты қадамдар күтіп отыр. Талаптары орындалмайынша, алған беттерінен қайтпайтындарын жеткізді.