Байқоңырда экологиялық қауіпсіз «Союз-5» зымыраны ұшырылады
Оның орнына экологиялық қауіпсіз оттегі мен керосин тұтынатын «Союз-5» тасымалдағышы ұшырылатын болады. Мәжілісте Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымыран кешенін құру туралы хаттама ратификацияланды. Ресей кешенді тұрғызуға 900 млн доллар құйса, Қазақстан жерүсті инфрақұрылымын жасауға 233 млн доллар қаржы салады. Жоба 2023 жылы аяқталуы тиіс. Осы уақытқа дейін біздің тарап 500 маманды даярлап үлгеруі тиіс. «Бәйтерек» зымыран кешенін салу Қазақстанға әлеуметтік-экономикалық жағынан тиімді», – дейді Цифрлық даму министрі.
Асқар Жұмағалиев, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Бұл – әлеуметтік жағынан өте маңызды жоба. Өйткені ол Байқоңыр айлағында алғаш рет жасалған. Бұл Байқоңырдағы біздің бірінші объектіміз болады. Біздің мамандар осында жұмыс істейтін болады. Бұл – біріншіден. Екіншіден, жобада 500-ден аса маман жұмыс істейтін болады.