ЕЭК кеңесі 30-дан астам мәселені талқылады
Онда одақтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қарастырылады. Бұл – саммиттің күн тәртібіндегі ең басты құжат. Ол экономикалық бірлестіктің қандай бағытта дамитынын айқындауы тиіс. Құжат мемлекеттік сатып алулардан бастап, өнеркәсіп, ауылшаруашылық кешендері, кеден, азық-түлік нарығы сынды мәселелерді қамтиды. Басқосуда талқыланатын тағы бір маңызды құжат – одақ елдері азаматтарын зейнеткерлікпен қамтамасыз ету жөніндегі келісім болғалы тұр. Оның жобасын жақында ЕЭК кеңесінде Үкімет басшылары бекіткен болатын. Саммит алдында ЕЭК кеңесі интеграцияға қатысты 30-дан астам мәселені талқылады. Басты назарда – ішкі нарық жұмысы, мемлекеттердің экономикасын цифрландыру, кедендік-тарифтік реттеу, салық саясаты.
Дмитрий Журавлев, аймақтық мәселелер институтының бас директоры:
- Жоғары экономикалық кеңестің алдындағы ең басты мәселе – стратегиялық жоспарлау. Бұл – жарғылық міндет. Саммитте ортақ зейнеткерлік жүйе талқыланғалы отыр. Бұл – күрделі мәселе. Бізде одаққа мүше 5 елдің әлеуметтік жүйесі әртүрлі. Оларды біріздендіру оңай болмас.