Отандық ет өнімдеріне сұраныс жоғары
Екі ел арасындағы келісім Омбыда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында жасалған еді. Жалпы жыл басынан бері отандық тауарөндіруші 600 тоннадай шұжық, жартылай дайын өнім шығарған. Оның бір бөлігі Омбыға да экспортталады. Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, форумнан кейін шекарадағы кедергілер жойылған.
Нұргүл Әбдірахманова, ет өңдеу кәсіпорнының өкілі:
- Біздің өнім Ресейде үлкен сұранысқа ие. Әсіресе сүр ет, ірімшік, шұжық пен жаяны көп сатып алады. Бұған дейін шекарада түрлі кедергілер болған. Қазір жол ашық, нарық ірі. Сондықтан бәсекеге қабілетті болу керек.