Ұлттық кеңесте әлеуметтік мәселелер басты назарда болды
Атап айтсақ, көпбалалы отбасыларға бала санына байланысты 42 мың теңгеден 74 мың теңгеге дейінгі жәрдемақы беріледі. Сонымен қатар жағдайы төмен отбасылардың балаларына да әлеуметтік көмек көрсетіледі. Яғни мұндай отбасылардың мектеп жасына дейінгі балалары азық-түлікпен және ең қажетті құрал-жабдықпен қамтылады. Ал мектепте оқитын балаларға тегін ыстық тамақ беріледі, мектепке барып-қайту жолақысы, мектеп формасы мен оқу құралдары тегін болады.