Автожол саласын дамытуға 25 млрд теңге жеке инвестиция тартылады
Үкімет үйінде Премьер-Министр Асқар Маминнің қатысуымен «ҚазАвтоЖол» шетелдік компания және қазақстандық консорциум арасында инвестициялық шартқа қол қойылды. Шартқа сәйкес консорциум республикалық маңыздағы 11 мың шақырым жолға төлемақы алу жүйесін енгізуді жүзеге асырады. Төлемақы алу жүйесі шлагбаумсыз ашық болады. Бұл жоба 500-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек.