Атыраудағы тарихи-өлкетану музейінің қоры толықты
Сырға, сақина, алқа, білезік, белдік сынды әшекейлер көздің жауын алады. Барлық қолөнер заты ХІХ-ХХ ғасырларда жасалған. Тарихтан сыр шертетін жәдігерлер – нағыз өнер туындылары. Әр зергерлік әшекейдің өзіндік мәні бар. Мысалы құс тұмсығы үлгісіндегі жүзік бақыттың, еркіндіктің белгісі саналады.