Алматы маңында 95 жолаушы мінген ұшақ апатқа ұшырады
Бұл жөнінде Алматы халықаралық әуежайы мәлімдеді. Рейс нөмірі – 2100. Ол таңғы сағат 07:05-те әуеге көтерілген. Артынан радардан жоғалғаны белгілі болды. Ұшақта 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апаттан 9 адам көз жұмғаны белгілі болды. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары басқаратын Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамына ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына ұшып барды. Оқиғаның нақты себептері мен салдары анықталады.
Қаза тапқандар саны – 14. Зардап шеккендер – 23. Қатарында балалар да бар.