Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ туралы ақпарат
Әуе лайнерінің корпусы жіңішке. Шағын қашықтыққа ұшуға арналған бортқа 100 жолаушыға дейін сыяды. Fokker-100 ең алғаш рет 1986 жылы 30 қарашада әуеге көтерілген. Ұшақтың техникалық сипаттамасы мынадай:
Экипаж: 2 пилот, жолаушылар саны – 100 адам. Әуе лайнері – 11 мың 563 келіге дейін жүк көтере алады. Ұшақтың ұзындығы – 35,53 метр, ал қанаттарының құлашы 28,8 метрге дейін жетеді. Биіктігі – 8,5 метр. Корпусының максималды ені – 3,30, ал қанатының аумағы – 93,5 шаршы метр. Жанар-жағармай багының көлемі 5 мың 135 литрге дейін жетеді. Ал ұшу сипаттамасына келер болсақ, максималды жылдамдығы – 845 км/сағ, дағдылы шапшаңдығы – 755 км/сағ. Ал практикалық қашықтығы – 3111 шақырым және практикалық ұшу шегі – 11 мың 300 метр.
Fokker-100 ұшағының техникалық сипаттамасы:
- экипаж 2 пилот
- Жолаушылар саны: 100 адам
- Жүк көтеруі: 11 мың 563 кг
- Ұзындығы: 35,53 м
- Қанаттарының құлашы: 28,08 м
- Биіктігі: 8,5 м
- Корпусының максималды ені: 3,30 м
- Қанатының аумағы: 93,5 м²
- Жанар-жағармай багының көлемі: 5 мың 135 л
Ұшу сипаттамасы:
- Максималды жылдамдығы: 845 км/сағ
- Дағдылы шапшаңдығы: 755 км/сағ
- Практикалық қашықтығы: 3111 км
- Практикалық ұшу шегі: 11300 м