Bek Air әуе компаниясының барлық бағыттағы рейсі тоқтатылды
Ол Алматы әуежайынан таңғы 07:18-де Нұр-Сұлтан қаласына ұшуға көкке көтерілген. Ал 07:22-де радардан жоғалып кетіп, апатқа ұшыраған. Бортта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
Азамат Әбілқайыр, тілші:
- Біз қазір Нұр-Сұлтан әуежайындамыз. Мұндағы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар қызметінің басшысы Марат Құндақбаевтың ресми мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында қазір Алматы маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болған жолаушылардың 15 туысқаны бар. Сондай-ақ мамандардың сөзінше, бұл жерде 20 психолог, 5 бригада жұмыс істеп жатыр. Ал «Bek Air» әуе компаниясының барлық бағыттағы рейсі тоқтатылды. Авиабилеттердің қайтарылу-қайтарылмауы әзірге белгісіз.