Ұшақ апатынан генерал Рүстем Қайдаров пен Informburo.kz тілшісі Дана Круглова қаза тапты
ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қаза болғандардың саны – 12. Әзірге соның жетеуінің аты-жөні белгілі болды. Олар: 1971 жылғы Николай Асташов, 1974 жылғы Бауыржан Қалиев, Базархан Карибаев, Марат Мұратбаев, Абай Нұрбаев және Арман Исина.
Сондай-ақ ұшақ апатында «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Қайдаров та қаза тапты. Осы апатта Informburo.kz басылымының тілшісі 35 жастағы Дана Круглова да қайтыс болды. Әріптесіміздің отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз.