Хабар телеарнасы

Апатқа ұшыраған ұшақтың экипаж құрамы жарияланды

Әуе лайнерінің капитаны – Мұратбеков Марат Ғаниұлы. Ол 1961 жылы 7 наурызда дүниеге келген. Капитанның ұшу лицензиясы 2024 жылдың 26 сәуіріне дейін жарамды екен.

Екінші пилот – Молдақұлов Міржан Гайнуллаұлы. Ол 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келіпті. Оның ұшу лицензиясы 2022 жылдың 6 наурызына дейін жарамды. Ал борт серіктері: М.Валиулина, М.А.Сахов және Р.Д.Османов.