Апатқа ұшыраған әуе лайнерінде Украина, ҚХР мен Қырғызстан азаматтары болған
Оның құрамында өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті әкімдік пен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әзірге аталған рейске 95 билет сатылғанымен, ұшақ бортына 93 адамның көтерілгені белгілі болды. Бір адам кешігіп, ұйықтап қалса, екіншісі отбасылық жағдайына байланысты ұшудан бас тартқан. Апатқа ұшыраған әуе лайнерінің ішінде Украина, ҚХР мен көршілес қырғыз елінің де азаматтары болған.
Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:
- Желілік телефон құрылған. Ол телефондарға 234 қоңырау келіп түскен. Қоңыраулардың көбі ұшаққа отырған адамдардың туған-туыстары мәліметтерін сұрап жатыр.
Сәуле Қабылова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Балалардың барлығы және аса қатты жарақат алғандар Алматы қаласына жіберілді. Сондықтан барлық мәлімет орталық штабта.