Алматы іргесіндегі ұшақ апатына байланысты Талдықорғанда жедел штаб құрылды
Әзірге аталған рейске 95 билет сатылғанымен, ұшақ бортына 93 адамның көтерілгені белгілі болды. Бір адам кешігіп, ұйықтап қалса, екіншісі отбасылық жағдайына байланысты ұшудан бас тартқан. Апатқа ұшыраған әуе лайнерінің ішінде Украина, Қытай Халық Республикасы мен көршілес Қырғыз елінің де азаматтары болған.
Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:
- Желілік телефон құрылған. Ол телефондарға 234 қоңырау келіп түскен. Қоңыраулардың көбі ұшақтағы адамдарға байланысты. Туған-туыстары олар туралы мәліметтер сұрап жатыр.
Сәуле Қабылова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Балалардың барлығы және науқастар Алматы қаласына жіберілді. Сондықтан барлық мәлімет орталық штабта.