Талғар мешіттері апат болған жерде жұмыс істеп жатқандарға қолдау білдірді
Көп болып көтерген жүк жеңіл. Әрқайсысы шамалары келгенше көмектесіп жатыр. Мысалы, Талғар мешіттері әкімдікпен келісіп, ұшақ апаты болған жерде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар үшін ошаққа қазан қойып, тамақ істеп жатыр.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да төтенше жағдайда қаза тапқан жолаушылардың ағайын-туыстарына көңіл айту жеделхатын жіберді. Онда: «Қайғылы жағдай біздің де жанымызға батты, жүрегімізді ауыртты. Жаратушы Иеміз марқұмдарды өз мейіріміне бөлесін. Жараланған жандарға Жаратқаннан шипа сұраймыз!», – делінген. Сондай-ақ еліміздің қала, аудан орталықтары мен елді мекендеріндегі барлық мешітте жұма намазы кезінде дұға жасалды. Мүфтият қажет болған жағдайда зекет қоры арқылы материалдық көмек көрсетуге де әзір екендігін хабарлады.
Бақытжан Өткелбаев, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы:
- Бүкіл Қазақстан мұсылмандарының атынан қайғырып көңіл айтамыз. Алла Тағала имандарын саламат етсін. «Ажал айтып келмейді» дейді ғой. Дегенмен ағайын-туыстарына сабырлық тілейміз.