Хабар телеарнасы

Bek Air компанияcы билеттердің ақшасын қайтарады

Сондықтан әуе компаниясы 10 қаңтарға дейін жоспарланған билеттердің ақшасын қайтаруға дайын. Бұл туралы компания өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді. «Билеттің толық құнын алу үшін оны сатып алған жерге бару керек. Ал онлайн алған жолаушылар әуе компаниясына электронды пошта арқылы өтініш жіберуі тиіс», – делінген хабарламада. Ал Bek Air билеттерін басқа рейстерге қайта рәсімдегенде компания баға айырмашылығын төлейді.

Нұржан Малаев, «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ департамент директоры:

- Барлық авиакомпания борты толық. Қазір Bek Air әкімшілігі өз жолаушыларын жеткізу мәселесін шешіп жатыр. Бұдан бөлек, жолаушылар тасымалын реттеу үшін азаматтық авияция комитеті атынан Air Astana мен SCAT сынды өзге әуе компанияларына өтініш жіберілді.