Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасы «Жұлдызды Жаңа жыл» мерекелік бағдарламасын ұсынады

Қойылым «Хабар» телеарнасында 31 желтоқсанда көрсетілетін «Жұлдызды жаңа жыл» мерекелік бағдарламасына енген.

50 жыл бұрынғы «Тақиялы періште» фильміндегі Тана апа секілді келін іздеген жұлдызды аналардың көзі қай сұлуға түсетінін көрермен кешкі сағат 21:00-ден кейін біле алады.

Әнші Мәдина Сәдуақасованың жаңа туындысы да осы жобада ұсынылады. Эстрада жұлдыздарының халыққа тосын сыйы түнгі 00:00-ден кейін де жалғасады.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

- «Жұлдызды Жаңа жыл» немесе «Тақиясыз періште» жобасында «Тақиялы періште» фильмінің кейбір үзінділеріне өзгертілген нұсқасы жасалады. Бұл жерде енді қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Роза Рымбаева, және Нағима Есқалиеваның екі бойдақ ұлдары бар. Оларды Жаңа жылда үйлендіргісі келеді. Жоба қызықты қойылымдардан тұрады.