Алматыда ХҚКО базасы жұмыс істемей тұр
Бүгін олардың ешқайсысы да құжат қабылдаған жоқ. Бірен-саран келуші болмаса, күту залдары бос тұр. «Дегенмен, күнделікті жұмыс кестесіне сай барлық қызметкер өз орнында отыр», – дейді орталық жетекшілері. База іске қосылса, бірден қызмет көрсетуге дайын. Бірақ Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына келмей тұрып «1414» телефонына қоңырау шалып, оның жұмыс істейтінін немесе істемейтінін білгендеріңіз жөн. Орталықтар жүргізуші куәлігін беру және көлік құралдарын тіркеумен айналысады.
Айдар Отбаев, Алматы қаласы бойынша №5 Мамандандырылған ХҚКО бөлім басшысы:
- Осы күндері уақыты келсе, айыппұл салынбайды. Медициналық комиссия өтуге де жіберілмейді. Ішкі істер департаментін,ің базалары жұмыс істесе, жүйе қалпына келсе, құжаттар қабылданады. Халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетуге дайын.