Хабар телеарнасы

Қазақстанда алғаш рет педагогтың демалыс және жұмыс уақыттары заңмен регламенттелді

Pedagogtyn  zhumys uakyty

Білім және ғылым вице-министрі Президент қол қойған Педагог мәртебесі туралы заңды тағы бір түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, алғаш рет елімізде педагогтың демалыс және жұмыс уақыттары заңмен регламенттеліп отыр. Екіншіден, енді кез келген жұмысқа педагогты тартуға тыйым салынады. Тек Сайлау туралы заң ғана педагогтерді белгілі бір жұмыстарға тартуға мүмкіндік береді. Оның өзі жұмыстан тыс уақытта болуы тиіс және педагогтың келісімімен жүзеге асырылуы керек. Сонымен бірге оған ақы төленуі қажет. Мысалы, биыл елімізде жүргізілетін халық санағына мұғалімдер тартылмайды. Дегенмен, педагогтер бұл науқанға қосымша табыс табу үшін қатыса алады.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Педагог мәртебесі туралы заңға сәйкес мұғалімдерді өз қызметіне тән емес жұмысқа тартқан және шектен тыс есеп беруді талап ету нормаларын бұзғандарға ескерту жасалды. Ал егер бұл әрекет қайталанса, 60-тан 120 айлық есептік көрсеткішке дейін көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүрленеді. Сондай-ақ мұғалімдерді балағаттаған жеке тұлғалар 20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін айыппұл төлейтін болады немесе 5 тәулікке дейін қамауға алынады.