Жамбыл облысында электр қуаты қымбаттады
Бірақ тариф тек мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерге қатысты өзгеріп отыр. Мәселен, бұған дейін әрбір бюджеттік мекеме, өнімнің килоВатына 24 теңгеден төлеп келсе, енді 28 теңге көлемінде айналады. Ал жеке және заңды тұлғаларға қатысты мамандар тариф өзгермейді деген болжам айтып отыр. Табиғи монополияларды реттеу комитеті қызметкерлерінің айтуынша, бағаның өсуіне тасымалдау қызметі әсер еткен.
Бауыржан Көрпебаев, Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті басшысының орынбасары:
- Электр күші нарығының бағасы 30% қымбаттап отыр. Осы себептен электр энергиясының бағасы 3% көтерілді. Оның ішінде тұтынушыларға баға өзгерген жоқ. 2019 жылы төлеген ақшасымен төлеп отырады. Өзге де заңды тұлғалардың бағасы да өзгермеді.