Медициналық сақтандыру қорына жарналар қалай төленеді?
Ал жұмысшылар өз жалақысынан 1% аударулары тиіс. Кәсіпкерлер болса, өздері және еңбеккерлері үшін төлем жасаулары қажет. Келісімшарт бойынша еңбек ететіндер табысының 1% жұмсайды. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтушылар ең төменгі жалақыдан 5% аударулары қажет.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру:
жұмыс берушілер – 2%
жұмысшылар – 1%
жеке кәсіпкерлер, шқ – 1,4 ең төменгі жалақының 5%
келісімшарт бойынша жұмыс істейтіндер – 1%
өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – ең төменгі жалақының 5%
Айбатыр Жұмағұлов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ басқарма төрағасы:
- Егер адам екі жұмыста қызмет етсе, онда төлем 2 жалақы қосындысындағы ортақ сомадан алынады. Бұл жерде 6 мың теңгеге дейінгі шектеу бар. Табысы 400 мың теңгеден асатын болса, жалпы айлық табысы есептелетін болады.