СҚО-да АӘК алуға 33 өтініш қабылданды
Ал 30-дан астамының арызы қабылданды. Енді алдағы уақытта арнайы құрылған комиссия мүшелері бұл жанұялардың табысын, тұрғылықты мекенжайын тексеретін болады. Жаңа форматқа сәйкес отбасында табыс табатын жанның болуы міндетті. Ал егер еңбекке қабілетті азамат жұмыс істемесе, онда оларға жәрдемақы берілмейді. Жалпы өткен жылы СҚО-да 5891 отбасы АӘК алған. Оларға жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге қаржылай қолдау көрсетілді.
Саягүл Күлекина, Петропавл қаласының тұрғыны:
- Мен 5 баланың анасымын. Өткен жылы әр балаға 21 мыңнан алатынбыз. Биыл енді басқаша өзгерістер болып жатыр. Соған құжат тапсыруға келдім.
Гүлмира Мәулетбаева, Әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:
- Жаңа механизмдерді түсіндіру үшін Жұмыспен қамту орталықтары мен бөлімдерінен бірнеше маман тартылып отыр. Ауыл-аймақтарға арнайы жауаптылар бекітілді. Соңғы бірнеше күнде олар 4 брифинг ұйымдастырды. Мұнымен қоса тұрғындар да өздігінен келіп жаңа формат бойынша құжаттарын өткізіп жатыр. Бүгінде 33 адамның өтініші қабылданды.