Хабар телеарнасы

Д.Трамп АҚШ әскерін шығару туралы жазылған хат жайлы білмеген

Бұл туралы ол Ақ үйде журналистермен өткен кездесу барысында мәлімдеді. Десе де, Ирак премьер-министрі АҚШ-тан әскерді шығару туралы хат алғанын айтады. Әділ Абдул Махдидің сөзінше, олар АҚШ қолбасшылығынан әскерді шығару туралы хат алған. Бірақ 4-5 сағаттан соң оның қате екені жарияланған. Енді Ирактың үкімет басшысы осыған байланысты АҚШ-тың түсінік беруін талап етуде. Ал Дональд Трамп осы іс бойынша мынадай пікір білдірді.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Менің ойымша, біз ауқымды жұмыс атқардық. Ел аумағынан кеткіміз келеді, бірақ қазір емес. Әскерді шығарғанның өзінде шығындарымыздың өтелгенін қалаймыз. Себебі әуежай құрылысына қомақты қаржы жұмсадық.