Тұңғыш Президент – Елбасы қоры 2019 жылы 95 жобаны жүзеге асырды
Осылайша 2019 жылы қор 95 жобаны жүзеге асырды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады. Кездесу барысында ол қордың әлеуметтік және білім беру салаларындағы жобаларының іске асырылуы туралы баяндады. Елбасы қорының атқарушы директорының сөзінше, жобалардың дені талантты жастарды қолдауға арналған. Сонымен қатар Әсет Исекешев қор жанындағы Әлемдік саясат және экономика институтында стратегиялық аналитиканың дамуы туралы ақпарат берді. Кездесу барысында Елбасыға 2020 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы хабарлады. Келер жылы қор 125 іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
Әсет Исекешев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры:
- 2019 жылы қор 95 жобаны жүзеге асырды. Олардың ішінде білім саласындағы талантты, шығармашыл және ғылымға бет бұрған жастарды қолдау жобалары бар. Әлеуметтік салада бірқатар жоба, соның ішінде қайырымдылық шаралары жүзеге асырылды. 2019 жылы қор жобаларына қатысушылардың саны айтарлықтай өсіп, 460 мыңнан астам адамды құрады.