CҚО-да азық-түлік бағасы қымбаттады
Қазір өңірде сауда орындарындағы ең арзан жұмыртқаның ондығы 296 тг-ден сатылып жатыр. Дүкен сөрелерінен 360 теңгенің де жұмыртқасын кездестіруге болады. Әкімдіктегілер бағаның өсуін құстарға арналған жем-шөптің қымбаттауымен байланыстырып отыр. Есесіне биылдан өңірде картоп 4%,ал бірінші сұрыпты ұн бағасы 3,1% арзандаған. Өйткені бұл өнімдер былтыр күзде тұрақтандыру қорына жеткілікті көлемде сатып алыныпты.
Нина Микрюкова, қала тұрғыны:
- Бұрын көлемі кішкентай жұмыртқаның бағасы да арзандау болатын. Мәселен, жаздыгүні жұмыртқаның ондығын 230 тг-ден сатып алатын едім. Қазір бағасы 300 тг-ге жақын. Жаңа жыл мерекесі болғандықтан қымбаттаған шығар деп ойлаймын.
Мұрат Нұрқанов, Кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы:
- Бағаның өсіміне себеп – жем-шөптің қымбаттауы. «Биылғы жылдың басынан бастап құс фабрикаларына арналған субсидия күші жойылады» деп айтылып жатыр. Бірақ қазір біз олармен меморандум жасадық. Сол меморандум бойынша олар арзандатылған бағамен жіберіп жатыр.