Хабар телеарнасы

Қарағандыдағы Абай атындағы балалар кітапханасында көрме өтті

Көрмеден ұлы ойшылдың әлемнің бірнеше тіліне аударылған шығармаларын көруге болады. Бұл күні сондай-ақ келушілерге Һакім Абай жайында түсірілген деректі фильм көрсетілді. Жас оқырмандар үшін «Абай жолы» романының электронды нұсқасы жасалған. Әрі қара сөздерінің аудиодискісін тыңдауға болады.

Баян Уатаева, Абай атындағы балалар кітапханасының директоры:

- Абай атындағы кітапхана болғандықтан, Абайға қатысты қандай да бір дүние болсын, біз оны жинауға тырысамыз және сақтаймыз. Біз сонымен мақтанамыз. Жас ұрпақ Абай өмірін, Абай көзқарасын білсін. Жастар тек әлеуметтік желіде отырмай, кітап арқылы өзінің биікке көтерілуіне, өзінің жетістікке жетуіне бағыт жасасын деген мақсатпен осындай көрме ұйымдастырып отырмыз.