Елімізде дәрі-дәрмектің 88% сатып алынған
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды. Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу кезінде 14 млрд теңге қаражат үнемделген. Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу кезінде 18 жасқа дейінгі балаларды дәрі-дәрмектің 192 түрімен тегін қамту туралы шешім қабылданды. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы пациенттер 62 ауру бойынша тегін дәрі алуға құқылы. Олардың қатарына инфекциялық, паразиттік, жүрек-қан тамыр және несеп-жыныс аурулары кіреді.
Берік Шәріп, «СҚ-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының міндетін атқарушы:
- 2019 жылы 400-ден астам дәрі-дәрмек сатып алынса, биыл бұл тізім кеңейту арқасында 715-ке жетті.