Таразда 7-сынып оқушысын мектеп дәретханасында зорлау ісіне қатысты сот ісі қаралды
Бұл жағдайдан соң елімізде 2021 жылға дейін дала дәретханаларын жойып, білім ошақтарының ішіне орнату жөнінде тапсырма берілді. Іс Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне өткен жылдың соңында қабылданды. Алдын ала тыңдаулар 5 қаңтарда, ал алғашқы сот отырысы 9 қаңтарда өтті. Ал 12 жасар қыздың зорлануына қатысты екінші сот отырысы өтті. Зардап шегуші кәмелеттік жасқа толмағандықтан, сот процесі жабық режимде БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтуде.
Еске салсақ, оқушы мектептің даладағы дәретханасында жәбір көрді. Күдікті қамауда. Қазіргі уақытта «ауыр қылмыс жасады» деп 38 жастағы азамат айыпталуда. Оның бұған дейін осы тектес қылмыс үшін істі болғаны белгілі. Бұған дейін Полиция департаменті өкілдері хабарлағандай, ер азаматтың кінәсі дәлелденген жағдайда ол 20 жылға бас бостандығынан айырылады немесе өмірбақи қамауда болады.