2019 жылы еліміздің автомобиль нарығы 22% өсті
«Astana Motors» компаниясы сарапшыларының айтуынша, 2019 жылы еліміздің автомобиль нарығы 22% өскен. Ал «Astana Motors»-тың өзі өткен жылы 21 мыңнан астам машина сатыпты. Бұл – рекордтық жетістік. Компанияның іргесі қаланған күннен бері жылдық сату көлемі бұрын-соңды мұндай болған емес.
«Astana Motors»-тың автоорталықтары рекордты сатуға қол жеткізіп отыр. Былтыр қазақстандықтар 21,5 мыңнан астам жеңіл көлік сатып алған. Ең танымал бренд Hyundai болған. Ал ең көп сатылғаны Tucson моделі екен.
Нұрлан Смағұлов, «Astana Group» компаниялар тобының президенті:
- Автомобиль нарығындағы біздің үлесіміз шамамен 30% жетті. «Hyundai Motor Kazakhstan» 15 мыңға жуық автомобиль сатып, Қазақстанда №1 брендке айналды. Бұл бізді жігерлендіре түседі. BMV-650 машина сатты. Мұндай жағдай бұрын болған емес.
Жыл санап өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін «Astana Motors» Алматыда автомобиль зауытын салуды қолға алды. Кәсіпорында мамандар жаңа Hyundai-ларды дәнекерлеп, бояп, құрастыратын болады. Осылайша «темір тұлпарлар» Өзбекстанға экспортталады. Машиналарды Украина нарығына сату бойынша да келіссөздер жүргізілуде. Завод биыл қыркүйекте ашылады.
Бекнұр Несіпбаев, «Astana Motors» компаниясының бас директоры:
- Жыл сайын осы завод 30 мыңға жақын автокөлік шығарамыз. Осы шығарылған автокөліктің жартысын Қазақстанда сатып, қалған жартысын осы жақын тұрған біздің мемлекеттерге экспорт жасауға мақсатымыз бар. Зауытта 700-ге дейін жететін орын жұмыс орны ашылады.
Компания биыл сату көлемін кемінде 26 арттыруды көздеп отыр. Бұл жерде жаңа заводтың орны ерекше. Сонымен қатар «Astana Motors» жүрілген машиналардың нарығына да ерекше көңіл бөлетін болады. 2019 жылы компания «Trade-in» бағдарламасы бойынша 3,5 мыңнан астам машина сатқан.
Авторлары: Ұлан Нарынбек, Сержан Жұмабаев