СҚО-да медициналық әлеуметтік қорына 5,8 млрд теңге жиналды
Енді бұл төлемді әр адам жасауы тиіс. Петропавл қалалық №1 емханасында 60 мыңдай адам тіркелген. Жүйе міндетті. Яғни өз денсаулығыңыз үшін ай сайын жарна жинайсыз. Оны жұмыс беруші аударады.
Сұлушаш Дүйсенбаева, қала тұрғыны:
- Әлі білмеймін, бірақ естідім. Бәрі цифрлық жүйеге көшіп жатыр. Ол – керек дүние.
МӘМС жүйесі тегін қызмет түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Оның ішіне физиотерапия, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография кіреді.
Гүлстан Әубәкірова, қалалық №1 емхананың тіркеушісі:
- Егер сақтандырылмаған болса, олар 2651 теңге төлеу керек. Ал егер ауылдікілер болса, олар 1125 теңге төлеу керек. Сақтандырылған немесе сақтандырылмаған екенін 1 сәуірден бастап білуге болады. Қазір акция бойынша барлығы сақтандырылған болып келіп жатыр.
Биылдан бастап сақтандыру қорына әр адам ақша аударуы тиіс. Балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы аналар үшін мемлекет төлейді. Бұл санатқа 14 топ кірді.
Лариса Гордеева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚФ директоры:
- Бүгінгі күні облыс бойынша халықтың 96% сақтандырылған. Бұл – жоғары көрсеткіш. Қалғандарына сәуірдің 1-іне дейін мәртебесін анықтап, төлемші атану керек.
СҚО-да 23 мыңдай адамның мәртебесі белгіленбеген. Олар сәуірдің 1-іне дейін тіркелуі тиіс.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев