Ертіс өңірінде 83 мыңнан аса адам сақтандырылмаған
14 мыңнан астам өзін-өзі қамтығандар міндетті медициналық әлеуметтік сақтандырудан тыс қалуы мүмкін. Яғни жалдамалы мамандар медициналық мәртебесін анықтай қоймаған.
Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаеваның облысқа жұмыс сапары кезінде айтты. Салалық ведомство өкілдері емдеу мекемелерінің жұмысымен танысып, жаңашыл жүйеге дайындығын пысықтады. Ақпараттық жүйелердің мүмкіндігі мен медициналық қызметтердің қолжетімділігіне сараптама жасалды. Айта кетейік, міндетті жүйеге халықтың 15 санаты жатады. Өңірде мемлекет тарапынан төлем жасалатын бұл санатқа 400 мыңға жуық тұрғын кіреді. Бүгінде олардың барлығы сақтандырылған. Мамандардың айтуынша, МӘМС жүйесі жөніндегі ақпараттық шаралар тиісті деңгейде жүргізілгендіктен, халық тарапынан түсінік бар. Оған қоса жергілікті медициналық мекемелердің инфрақұрылымдық жүйесі жаңа тәртіпте жұмыс істеуге әзір.
Лязат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
- Аймақтың медициналық инфрақұрылымы дамығанын атап өту керек. Дайындық көңіл көншітерлік. Дегенмен жұмыстар тоқтамауы тиіс. Ең бастысы қызмет түрлері халыққа қолжетімді болуы керек. Мәртебесі анықталмаған азаматтар мен жұмыс берушілер арасында тиісті шаралар қолға алынды. Салада ешқандай мәселе туындамауы қажет.