Талдықорғанда 28 мыңнан аса адамға тұмауға қарсы екпе салынған
Бірінші кезекте жүкті әйелдердің, науқастармен жұмыс істейтін дәрігерлердің, егде жастағы қариялар мен балалардың иммундық жүйесі күшейтілген. Сонымен қатар жабық мекемеде жұмыс істейтіндерге де екпе жасалды. «Соның нәтижесінде қауіпті кезең қалыпты жағдайда өтіп жатыр», – дейді дәрігерлер. Мәселен, қалалық №1 емханаға 108 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Солардың бірқатарына жұқпалы аурудың алдын алу шарасы қолданылды.
Айгүл Смайылова, эпидемиолог:
- 17 700 адамға екпе шарасы жүргізілді. Ол 14% құрайды. Биылғы жылы тұмауға қарсы алдын алу шараларын жақсы жүргіздік деп есептейміз. Сонымен қатар қала тұрғындарына айтарымыз: аяқ астынан ауырып, дене қызуы көтерілсе немесе осыған ұқсас белгілері болса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Өйткені адамдар өздері ем-дом жасап, жатып қалады. Асқынулар болады. Сондықтан әркім өзі тіркелген ауруханасына барып, қаралуы керек.