Қазақстанда ірі қара мен ұсақ малды тірі күйінде экспорттауға тыйым салынды
Ал шаруалар қолдағы төрт түлігін онда тапсыруға құлықсыз. Тиімді болған соң сыртқа сатады. 156 мың бас ірі қараны айтпағанда, былтыр 264 мың қой экспортталыпты. Оның 200 мыңын Өзбекстан, 21 мыңын Ресей алса, 8 мыңы Әзірбайжанға, тағы 12 мыңы Иран еліне кеткен.
Еркебұлан Ахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры:
- Өзбек кәсіпкерлері бізден алған малды семіртіп, оның етін өңдеу арқылы көп пайда табуда. Біздегі мақсат – сол тәсілмен жұмыс істейтін жағдай жасау. Мал сыртқа кеткен соң өз кәсіпорындарымызға шикізат жетпей қалды. Шектеу сол үшін жасалды. Әдетте ондай тыйым 6 ай мерзімге салынады.
Амангелді Сопбеков, шаруа қожалығының төрағасы:
- Осылай болса, 4 айда мал шаруашылығы құлдырап кетеді. Мал ұстаған адамдар 4 айда экспорт жасамаса, ішкі нарықта алыпсатарлар қойған бағаға сатып алады. Сөйтеді де, қарапайым халық нашарлайды.