Орал әуежайының жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады
Ал негізгі салмақ түсетін қабырғалардың тозығы жеткен. Ол үшін нысанның екінші және үшінші бөліктеріне жөндеу жүргізу керек. Бірақ толықтай жөндеу жүргізу арзанға түспеуі мүмкін. Алайда жауапты тұлғалар: «Құрылыс құнын қымбаттатпауға тырысамыз», – деп сендіріп отыр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында былтыр Орал әуежайын жаңғырту жұмыстары басталған еді. Алайда құрылыс кезінде қосымша ақаулар анықталды. Әуежай ғимаратының аумағы жаңартылған соң екі есе өсіп, 7000 шаршы метрге жетпек. Мұнда сағатына 200 жолаушы қабылдайтын болады.
Диас Жәнібеков, «Ақжайық» ӘКК басқарма төрағасы:
- Ғимарат іргетасының отырып кеткендігі, тиісті нормаларға сай келмейтініне байланысты жоба түзетіліп, жалпы дизайны өзгерді. Бірақ құрылыс құнынан ауытқымауға тырысамыз. Себебі бұған дейін жаңғырту жұмыстарының бюджеті 2 млрд 400 млн теңге деп бекітілді. Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Келер жылы тапсырамыз.