Елордада бас ақынға арналған «Абай әлемі» атты орталық ашылады
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150, Алтын Орданың 750 жылдықтарын өткізу жөніндегі қалалық жоспар талқыланды. Отырыстың негізгі мақсаты – Абай мен Әл-Фарабидің тағылымға толы шығармаларын қала тұрғындары арасында кеңінен насихаттау. Жиын соңында Бақтияр Мәкен елордада өтетін шараларды басқармалар мен жауапты ұйымдар деңгейінде қайта пысықтауды тапсырды.
Дихан Қамзабекұлы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры:
- Бүгінгі жастар Абаймен тыныстану керек. Абай да, Әл-Фараби де кезеңдік немесе науқандық жұмыс болмау керек. Жастар Абайдан, Әл-Фарабиден не алады,не сіңіреді, не дерек ала алады? Осы жөнінде біз көп айтқымыз келеді.