Тіркелмеген көлік қылмыстың ізін жасыру құралына айналып барады
Оның 40 мыңы заңды түрде тіркеуден өткен. Бұл туралы Ішкі Істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді. Оның айтуынша, тұрақты тіркеуге тұрғызылмаған көлікті пайдаланып, қылмыс жасайтындар көбейіп барады. Айталық, былтыр осындай 335 көлік ұрланған. Оның сыртында тіркелмеген шетелдік көліктің қатысы бар 60 қылмыс тіркеліп отыр. Олардың арасында кісі өлімі оқиғалары да бар. «Ал ел аумағында ресми тіркелмеген көлік иелерін табу қиынға соғады», – дейді министрлік өкілі.
Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:
- ІІМ базасында шетелдік көліктер туралы ақпарат болмағандықтан, оларды табу айтарлықтай қиындық туғызады. Сондай-ақ көлік иесі өзінікі екенін көп жағдайда дәлелдей де алмайды. Қылмыскерлер мұны жақсы біледі. Мәселен, Павлодар облысында 3 отандасымыз арнайы ресейлік көлікті сатып алып, жергілікті кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған. Одан кейін темір тұлпарды өртеп, іздерін суытқан. Өкінішке қарай, осындай қылмыстардың саны азаймай тұр.