Зейнеткерді соққыға жыққан жүргізушіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Екі жақ өзара мәмілеге келді. Сот барысында айыпталушы Виталий Ким кінәсін мойындады және жәбірленушіге келтірген шығынды толық өтеді. Естеріңізге салайық, өткен күзде Виталий Ким 70-ке тақаған Анатолий Шевцовты ұрып-соққан еді. 41 жастағы азаматтың әлімжеттігі гараж кооперативінде орнатылған бейнекамера жазбасында анық көрінеді. Сол күні зейнеткердің туған күні болған. Айыпкер теріс қылығы үшін кешірім сұрап, жәбірленушіге 2 млн теңге өтемақы төледі.
Сергей Кассиров, жәбірленушінің қорғаушысы:
- Бұл ақшаны жәбірленуші протез салуға және санаториялық-курорттық емделуге жұмсайды. Ол жабық ми сүйек жарақатын алған және мұрнына қатты зақым келген. Есту қабілетінде де кінарат бар. Сондықтан оған толық емдеу курсынан өту керек.