СҚО-да 150 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Осыған байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды. «Соған қарамастан жолға шығып, батып қалғандар көп болды», – дейді мамандар. Мысалы, Ғабит Мүсірепов ауданында 10 бірдей көлік кептеліп қалған. Оның біреуі – автобус. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, тағы боран соғады. Қазір жолдарда қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Алдағы 1-2 метр жерден көрінбейтіндей боран болды. Осыған байланысты 20 км жердегі қалып қойған техникадағы адамдарды құтқарудың өзіне 3-4 сағат біздің құтқарушылар жүріп барып отырды. Жоғары өтімді техниканың өзімен сондай жағдайлар болды. Сонымен қатар бір техниканың тоқтаған жағдайда тез арада қардың бірден үйіліп, боранның салдарынан көлікті көміп тастаған жағдайлар болды.